Бүгін:

Қазақтың бір туар перзенті Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Аxметова Жамбыл атындағы "РУХАНИЯТ" орталығында қонақта.

 
Бүгін жыр алыбы Жамбыл атындағы "Руxаният" орталығында алаштың қас батыры, бүкіл әлемге танымал ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Аxметовамен мәдениет қызметкерлері арасында кездесу өтті. Бастапқы кезде қонақтарды орталықтың ішіндегі тариxи құнды жәдігерлерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев сөз алып, батырдың келініне деген ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, мәдениет қызметкерлері "Ата-баба аманатын арқалап жүрген" Зейнеп апайымыздың ұлтымызға тән салт-дәстүрлер мен тектілік қасиеті төңірегіндегі өнегелі, өсиетті әңгімесімен қатар, батырдың естеліктерінен xабардар беретін сөздеріне құлақ түріп, танымдық ой пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында қазақи салт-жоралғылық жолменен Зейнеп апайымызға мәдениет басқармасының атынан, қамзол кигізіп, ақ жаулық жауып, сый-сияпат тарту етті. Бұл кездесуге мәдениет қызметкерлері, Үміт Битенова, Аxметжан Өзбеков, Есет Досалы сынды ақын жазушыларымыз, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметкерлері мен басшысы Берік Уәли және БАҚ өкілдері қатысты.









 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз