Сарысу ауданында «Ел жүрегі -Астана» атты мәдениет және өнер күндері
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және кұжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ел жүрегі - Астана» атты облыс көлемінде өтіп жатқан мәдениет және өнер күндері бүгін яғни 1 тамыз күні Сарысу ауданында жалғасын тапты.
Аталған мәдени іс-шара Сарысу аудандық мәдениет үйінің сахна төрінде «Даласы-ұлы, тарихы-тарлан, елдігі- мәңгі, қазағым!» атты театрландырылған көрініспен басталып, жергілікті ақын Асылбек Саттаровтың «Асқақта мәңгі, Астанам!» атты жыр шумақтарын аудан жастары жатқа оқып жалғастырды. Сондай-ақ, аудан қонақтары мен жиналған жұртшылықтың назарына ауданның танымал әншілері, вокалдық аспаптар ансамблі, «Сарысу» және «Саудакент» халықтық театрлары, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Айжанқыз» халықтық би ұжымдарының қатысуымен үлкен мерекелік концертін ұсынды.
Сонымен қатар, мәдениет ұйінің алдында бейнелеу және қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге аудандық «Талант» көркемсурет студиясының жеке шығармашылығы мен қатар аудан мектептері, балалар және жасөспірімдер орталығы, техникалық шығармашылық орталығы, саз және өнер мектептерінің бейнелеу өнерінің қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан, аудандық кітапхана тарапынан «Ел жүрегі-Астана» атты кітап көрмесі және кітап көрмелерінің инсталляциясы қойылды.