Бүгін:
kz ru

Шығармашыл жастардың Жаңа есім-2018» облыстық телевизиялық кастингісінің финалдық туры

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен «JAMBYL» телеарнасымен бірлесіп 17 шілде күні «BARBARIS» клубында шығармашыл жастардың Жаңа есім-2018» облыстық телевизиялық кастингісінің финалдық туры өтті.

Кастинг қорытындысы бойынша өткен финалдық турда 22 өнерпаз        3 номинация бойынша (эстрада, дәстүрлі ән, музыкалық аспаптар) өз бақтарын сынады.

         Облыстық финалдық турына сараптау комиссиясының құрамына «Жаңа есім - 2018» иегерін анықтау үшін Алматы қаласынан Қазақ Мемлекттік қыздар педагогикалық университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы, ҚР мәдениет қайраткері, әнші, композитор, жерлесіміз - Гүлнұр Өмірбаева, әнші, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жерлесіміз- Саят Медеуов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» кафедрасының доценті, күйші, композитор- Ержан Рысметов арнайы шақырылды.

         Финал қорытындысы бойынша

«эстрада» номинациясының «Жаңа есім -2018» иегері - Омаров Мейіржан (Сарысу ауданы);

«дәстүрлі ән» номинациясының «Жаңа есім -2018» иегері – Қалдыбаева Арайлым (Меркі ауданы);

«музыкалық аспаптар» номинациясының «Жаңа есім -2018» иегері

Абдрашит Айгерім (Меркі ауданы).








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз