«МАХАББАТ» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІ
Алғашында шығармашылық ұжым «Махаббат» би театры болып 1988 жылы Қордай ауданы Ауқатты ауылдық мәдениет үйінде ашылды. Қазіргі уақытта Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істейді.Ересектер, жасөспірімдер және кіші топтардан тұратын би театры 1992 жылдан бастап Қордай аудандық мәдениет үйінде жұмыс істей бастады. «МАХАББАТ» халықтық би ансамбліне, би театрының алғашқы ұйымдастырушысы, жас ұрпақтың бойында би өнеріне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, оларды әсемдікке баулу жолында бірнеше буын жас таланттарды тәрбиелеп келе жатқан, өз мамандығының хас шебері, ардагер ұстаз Зияш Жазықбаева жетекшілік етеді.Алғашында 18 жасөспірім қыздардан құралған би театрының құрамы 38 бишіге толып, үлкен ансамбілге айналды. 1994 жылы «Махаббат» би ансамбліне «Халықтық» атағы берілді.«Махаббат» халықтық би ансамбілі өзінің шығармашылық жолында аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған конкурс, фестивальдерге белсене қатысып, Эстонияның Тарту, Пьярну, Иыхве Мустве қалаларында өткен «Планета юность» ART-фестиваліне ҚР атынан қатысып, фестивальдің «Ең әдемі гүлі» деген бағаға ие болды.Ансамбль туралы Украинаның «Тутти Дэнс» журналы көлемді мақала басып шығарды. Тараз қаласында өткен І Халықаралық «Ұлы Жібек жолы» фестивалінің, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Астана қаласында өткен ЭКСПО-17 халықаралық көрмесіне қатысып, көлемді авторлық би композицияларын қойды.Бүгінгі таңда мол тәжірибе жинақтаған ең таңдаулы ансамбль мүшелері, ауылдық клубтарда би үйірмелерінің жұмысын жүргізуге атсалысып келеді.Қордай ауданы әкімігі мен аудан кәсіпкері Қ.Иманалиев басқаратын «Қордай ақпарат-баспа компаниясы» өнер ұжымына көңіл бөліп, шығармашылық тұрғыда дамуына, танымал болуына өз үлестерін қосып, қолдап келеді. 








