Бүгін:
kz ru

Көрнекті қоғам қайраткері М.Жолдасбековпен кездесу

2017 жылдың 2 маусым күні Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында көрнекті қоғам қайраткері М.Жолдасбековтың зиялы қауымдармен кездесуі өтті. Ғалыммен бірге жерлесіміз сазгер, суретші Илья Жақанов пен журналист, жазушы Болат Бодаубайда қатысты. Қонақтар орталықтың көрме залдарымен танысып тілек кітабына қол таңбаларын қалдырып, мәжіліс залында зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Кездесуге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы төңірегінде әңгіме қозғап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

 Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев басқарма тарапынан атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 Жүздесу барысында жас ақын Арайлы Жақсылық ғалымға жүрек жарды өлеңін арнады. Қонақтар «Руханият» үйіне кітаптарын сыйға тартып ризашылықтарын білдірді.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз