Сегодня:
kz ru

Жамбыл аудандық мәдениет үйінде «Жаңарған Жамбылым» атты облыстық эстрадалық ән байқауының аудандық іріктеу

Жамбыл аудандық мәдениет үйінде «Жаңарған Жамбылым» атты облыстық эстрадалық ән байқауының аудандық іріктеу кезеңі болып өтті. Аталған байқауға аудан көлеміндегі ауылдық округтерден 20 ға жуық жас таланттар қатысып, бақтарын сынады. Ән байқауының қазылар құрамы да бұл жолы ерекше болды. Жамбыл облыстық филормониясының әншісі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, Жамбыл ауданының тумасы Маралбек Бабақұлов төрағалық еткен қазылар құрамына аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Құдайбергенов Жарқынбек және әдіскер Зиябекова Сәбира енді. Орындаушының ыңғайына арнайы жарақталған сахнаға алдымен жергілікті сазгер ағамыз Аман Малдыбаевтың «Іңкәр сезім» әнімен Қаракемерлік жас орындаушы Тәшкенбай Гүлнұр шығып өнер көрсетті. Осылайша үміткерлер кезегімен сахнаға шығып, барынша өнер көрсетіп жатты. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда деген дана халқымыз. Бірі ямаха аспабының сүйемелімен, бірі арнайы жазылған фонограмманың көмегімен андерін ойдағыдай шырқап шықты. Байқау қорытындысы бойынша үміткерлерге түгелдей филормония директорының қолы қойылған алғыс хат және 3 үміткерге облысқа жолдама табысталды. Олар: Таласбай Жанболат /Аса а.о/ Ерғара Жанерке /Рахат а.о/. Ал үшінші жолдама қазылар алқасының ортақ шешімімен тағы да талқыланып шешу үшін, кейінге шегерілді.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив