«Жамбыл - менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеуі
Бүгін Жамбыл аудандық мәдениет үйінде «Жамбыл - менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеуі өтті. Ауылдық іріктеуден жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 10 ақын өнер көрсетті. Барлығы да сайдың тасындай іріктеліп, сүзгіден өткен сөз шеберлері. Айта кету керек, аудандық іріктеуге қатысқан ақындардың дені жастар болды. Бұл төл өнерімізге деген жастардың құлшынысын байқатса керек. Айтысқа елімізге танымыл Ахметжан Өзбеков, Ербол Қамбатыров, Айтмұханбет Исақов, Алтынкүл Қасымбекова сынды тұлғалар қазылық етті. Қазылардың шешімімен облысқа жолдама алған ақындар реті мынадай болды.
Олар: Нұрлыбек Құрманов, Шапағат Сәбитқызы, Бақнұр Нұрман, Елібек Нұрмағанбетов, Мұхтар Қонарбаев және қазылар алқасының шешімімен арнайы ынталандыру сыйлығымын аудандық айтыста өнер көрсеткен ең жас ақын Талап Құдайберген марапатталды. Айта кету керек қатысқан 10 ақынның барлығына Аудандық мәдениет үйі директорының атынан алғыс хаттар мен жолдама алған 5 ақынға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.