Сегодня:
kz ru

Праздник Маулит

9 желтоқсан күні Жамбыл аудандық Жастар рессурстық орталығында күллі мұсылман қауымы асыға күтетін Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.У) туылған Мәуліт мерекесі болып өтті. Шараға ауыл тұрғындар, жастар, қариялар қатысты. Мереке басы қасиетті Құранмен ашылды. Алғашқы сөз кезегін шараның арнайы қонағы Облыстық Һибатулла Тарази мешітінің имамы Данияр Әлимұхамедұлы алып, көпшілікті қасиетті мерекемен құттықтады. Шарада аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауындағы тәлімді термелер мен әуезді әндері шырқалды. "Дарын" халықтық театрының дін тақырыбындағы "Шын достық" деп аталатын қойылымы сахналанды. Мерекеге орай Пайғамбарымызға (С.А.У) салауаттар айтылып, "Мәуліт" оқылды. Шара соңы аудандық "Бәйдібек" мешіті жанынан ашылған асханада арнайы жайылған дастарханда жалғасын тапты.

 










 










 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив