Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-шара
5 қазан күні – қалалық мәдениет үйінде Діни ахуалды тұрақтандыру мәселесі бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, «Діни экстремизм - опат болудың жолы!» атты экстремизм және терроризм тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Шу қаласының имамы –Нұрлыханов Бақыт Базарбайұлы , Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар» ресурстық орталығының «Дін істері және ақпараттық талдау бөлімінің» меңгерушісі Смайылов Мырзабек Жұмабекұлы және Шу қаласының С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушылары шақырылды.









