Сегодня:
kz ru

«Дәрігер деген-асыл адам кең жүрек» атты мерекелік салтанатты жиын

2017 жыл 17-маусым күні Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің үлкен залында, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне  арналған «Дәрігер деген-асыл адам кең жүрек» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Зал көрермендерге лық толы болды. Халық жиналған соң, сахна сыртынан екі жүргізуші амандасып, мерекелік жиынды бастап, мерекелік құттықтау сөз аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлына берілді. Аудан әкімі мед бикелерді төл мерекесімен құттықтап, ақ жарды тілегін білдірді. Облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен және «Алғыс хатымен» бірнеше азаматтармен азаматшалар марапатталып, сый-сый апаттарын табыс етті. Мерекелік ән-шашумен аудандық мәдениет үйі әншілерінің орындауында әсем әндер орындалып, көпшілік қол соғып қошеметтеді.

       

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив