Сегодня:
kz ru

"Үздік клуб, мәдениет үйі 2018" облыстық байқауы

23.10.2018 күні Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылдық клубында "Үздік клуб, мәдениет үйі 2018" облыстық байқауы өтті. Іс-шара Астана қаласының 20 жылдығы тақырыбында ұйымдастырылды. Байқауға Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Жанат Қамшыбекқызы бастаған қазылар алқасы арнайы келді. Шара басы клубтың би үйірмесіне қатысушы "Жауқазын" би тобының қазақша биімен ашылды. Мерекелік шарада Елордасы Астана қаласына арналған, патриоттық тақырыптағы әндермен қоса Өрнек ауылынан түлеп ұшқан өнер азаматтарының да өнерлерімен жалғасын тапты. "Мәңгілік ел" этнофольклорлық ансамблі, Дүнген ұлтының өнерпаздары, колледж түлектерінің Астанаға арналған қойылымдары кештің көркін қыздырды. Қонақтар ризалықпен тарқап, алдағы уақытта да осындай игі істердің көптеп ұйымдастырылса деген ізгі ниетпен тарқасты.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив