Сегодня:

7 –сәуір Денсаулық күніне орай

2018 жылдың  5 сәуірінде  Шу қалалық мәдениет үйі, спорт мектебі және қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында  7 –сәуір Денсаулық күніне орай  «Сау болу – оңай!» атты спорттық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.  Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Надира Болаева және Байжан Әбеков жүргізді.

Алғашқы сөзді Шу ауданы №30 балалар жас өспірімдер спорт мектебінің директоры  Абдуманапов  Сайфудин Нуридинұлы сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Келесі сөз Шу қалалық емханасының салауатты өмір салты бөлімінің дәрігері  Кульманова Айсұлу Үсенқызына берілді. Сценарий бойынша қатысушылар эстафеталық жарыстарға қатысып, соңынан  Шу қалалық әкімінің дипломдарымен марапатталды.  Эстафеталық жарыстарды Спорт мектебі директорының орынбасары Жексенбаев  Тлеубай Наурызбайұлы жүргізді. Соңынан Шу қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының сазды бағдарламасы берілді.






 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив