Сегодня:
kz ru

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «

13 ақпан  күні  Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауған соғысының жаңғырығы» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кешке Ауған соғысының ардагерлері Тұрысбаев Мұрат Рзаханұлы,  Молдамұратов Нұрғиса Көбенұлы, Асанов Бауыржан Серікұлы  шақырылды. Іс-шараға С.Сейфуллин мектебінің оқушылары, мектептің педагог-ұйымдастырушы Мүсірепова Мария және №3 қалалық кітапхана ұжымы қатысты.  С. Сейфуллин мектебінің 8-сынып  оқушысы  Аманжол Аружан ардегерлерге арналған өлең жырларын тарту етсе, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әндерін тарту етті. Кеш соңынан Шу қалалық мәдениет үйінің директоры Е.Азаматов  ардагерлерге арнап, сый-сыяпатын ұсынды.



 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив