Сегодня:

Комедия "Такталас" Е.Алимжан

     «Қордай»  халықтық  театрының  әртістері,  1  сәуір  күлкі  күніне  орай,  бүгінгі  күннің  проблемалары  көрініс  тапқан, Е.Әлімжанның  «Тақталас»  комедиясын сахналады.  Б.Әлімбетова  жетекшілік  ететін  театр  әртістері тақталаста  жатқан  ұлтқа  тән  тақсыретті  тамаша  көрсетті. Айналып  келгенде  өзгеге  қазған  орға  өздері   түскен   кейіпкерлердің  монологы  да  ғажап  көрсетілді Бастықтың  рөлін   осы  қойылымның  қоюшы  режиссері  болған  өнерпаз  М.Рысбеков  сомдаса,  Жауғабайдың  рөлін  жас  дарын  Т.Қыдырбек, Дауғабай  рөлін  Қайнар  ауылдық  мәдениет үйінің  мәдени  ұйымдастырушысы  Ж.Тынышбеков, Қауғабай  рөлін  Цемзауыт  ауылдық  мәдениет  үйінің  меңгерушісі  Б.Семетаев , хатшы  қыз  рөлін  аудандық  мәдениет  үйінің  әдіскері С.Балмухамбетова  ойдағыдай  ойнап  шықты.Қойылымдағы  қазақ  қоғамына  жат ,  бірақ  жаңа  заманның  өз  талаптарының  ішіндегі  бастысына  айналып  бара  жатқан «мансап»   пен  «тақыт» , «бастық»  деген  ұғымдарды  комедия  жанрында  күлдіре   отырып   күңірентетін  күші  бар екендігін  түсіндіріп  берді.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив