Сегодня:
kz ru

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2015 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі бойынша марапаттау іс-шарасы

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы Д.Бықыбаевтың 2015 жылғы есебі 2016 жылдың

28 қаңтар күні Облыстық қазақ драма театрында өтті.

Басқарма басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен Орыс драма театрының әртісі Виктор Иванович Сукопов, Облыстық қазақ драма театрының әртісі Галина Серікбайқызы Қойшыбаева марапатталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Мейрамкүл Елеукенқызы Ысқақ, Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы Абдинова, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Кулжан Шабденбайқызы Кокимова, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары – Асия Абдуллақызы Ойықбаева марапатталды.

ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің төсбелгісімен Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Мақашова Айгүл Ынтымаққызы марапатталды.

«Тараз қаласымен аудандардың мәдениет күндері», «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб», «Ең үздік ауылдық кітапхана», «Театр KZ» облыстық байқаулардың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Облыс көлемінде өткен іс-шараларға белсене атсалысып, мәдени өмірге қосқан қомақты үлесі және басқармамен тығыз байланыста жұмыс жүргізгені үшін «Оңтүстік» өңірлік әскерлер қолбасшысының орынбасары Ташубаев Аркен Қапанұлы алғыс хат, бағалы сыйлықпен  марапаттал ды.    

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив