Бүгін:
kz ru

ОНЛАЙН АЙТЫС ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында бастау алған онлайын айтыс жалғасуда.
       Бұл жолы, бірнеше халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері,  2019 жылғы "Әулиеата үміті" сыйлығының иегері Жамбыл ауданының ақыны Нұрлыбек Құрманов пен бірқатар облыстық ақындар айтысының жеңімпазы, 2019 жылғы "Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым!" республикалық ақындар айтысының қатысушы Тараздық Медеу Мырзатай сөз сайысты.  Жүйелі жыр өрнегін көрсетткен аталмыш шара аясындағы айтыстың екінші жұбын назарларыңызға ұсындық.
       Естеріңізге сала кетсек, мерейтой қарсаңында бастау алған онлайн айтыстың алғашқы жұбы болып Жуалы ауданының жас ақыны Дидар Апбасов пен Меркілік Мұқағали Балтабай өнер көрсеткен болатын.
        Онлайн жүйедегі жыр додасы алдағы уақытта да жалғасын табады. Cілтемені басу арқылы онлайн айтысты тамашалауға болады.
 https://yadi.sk/i/vU-yvljiWmDUaw

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз