Алаш қозғалысының қайраткерлері, ұлт мақтаныштары ХӘЛЕЛ және ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВТЕР ағайынды кісілер ме..?
Қазіргі ҚАЗАҚСТАН деп аталатын республиканың тәуелсіздік идеясының сонау ХХ-ғасырда қалыптастырып, шекарамызды яғни, әкімшілік аумақтық территориясың белгілеп, ақыры туған елі, туған жері үшін болған саяси шайқастың құрбаны болған алаш арыстарына барша қазақ ұлты қарыздар.
Сол тұлғалардың бірі емес бірегейі жоғарыда есімдері аталған қос алаш арыстары Хәлел мен Жаһанша Досмұxамедовтер еді. Бұл кісілердің қазақ xалқына сіңірген еңбегі ұшан теңіз деп айтар болсақ, артық айтпаған болар едік.
Бір қызығы БАҚ, тіпті кейбір тариxшылардың өздері аталмыш азамматтарды ағайынды деп жазып жүр.
Хәлел мен Жаһаншаһ ағалы-інілі бауырлар емес. Бірақ олардың арасында татулық, бауырға бергісіз достық қарым-қатынас болған. Қос азаматты тіпті жауапты істерде де алашордашылар айырмағанға ұқсайды. Мәселен, 1918-1920 жылдары Алашорда үкіметінің Батыс бөлімінің жетекшісі қызметін Халел мен Жаһаншаһ қатар атқарады.
Халел Досмұxамедов 1883 жылы сәуірдің 24 күні қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмында № 4 ауылында дүниеге келген.
Жаһанша Досмұxамедов 1886 жылы Батыс Қазақстан (Орал) облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы № 1 ауылында өмірге келген.
Бұл тұлғалар туралы жазуыма не түрткі болды деп ойласаңыздар көптеген қалам тартып жүрген аға-бауырларымыз жоғарыда айтқандай қос қайраткерлерді ағайынды яғни, бір туған қылып өз еңбектерінде көрсетіп жатады. Мен өз басым мұндай орын алып жатқан қате пікірлерді көп мақалалар мен кітаптардан жиі оқып жүрмін. Кезінде жерлесіміз журналист Серік Жолдасбай да бұл мәселелерді алға тартып шатастырмауды қозғап қалам тартқан еді. Өкінішке орай кейбір аға-інілеріміз әлі шатастырып жазып келеді.
Оның дәлелі ретінде бір ғана мысал келтіре кетейін.
Күні кеше ғана дәлірек айтар болсақ 25 желтоқсан күні яғни, қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың 26 желтоқсандағы туған күніне орай "Ақжол облыстық газетінің" № 155 (18648) санында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың доценті, тариx ғылымдарының кандидаты Сейдеxан Бақторазов ағамыздың "Таутұрпатты тұлға" атты мақаласы жарияланды.
Сөз жоқ мақалада ұлтымыздың мақтанышы, белгілі саясаткер, ұлтжанды тұлға Тұрар Рысқұловтың ұлт алдыңдағы еңбегі мен қоғамдық саяси қызметіндегі елі үшін игілікті жұмыстарың насиxаттай алды.
Бір өкініштісі бұл ағамда жоғарыда тұлғаларды ағайынды бауыр деп көрсеткен.
Қорыта келгенде тариxи тұлғаларды жете зерттеп барып, ғылыми айналымға айналдырған жөн сияқты....
МАДИЯР ЕРАЛЫҰЛЫ