Бүгін:

Бүгін БАУЫРЖАН АТАМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ.

Баукең атамның естелігінен.

Сапарғали Бегалин қоңырау шалды. Баласы (Мəжит) қасында екен. Ол кісі мені алдағысы келді:
- Бауыржан, айналайын, аман-есенсің бе? Кəматай қалай? (Ол менің əйелім). 
- Құдайға шүкір, ауруханаға түскен екен, көңілін сұрап барып қайттым мен сорлы, - дедім.
- Мəжит екеуміз сен туралы əңгіме жасап отыр едік.
- Əңгіменің төркінін айтыныз Сапеке, - дедім мен.
- 750 статья басылыпты кинофильм туралы "За нами Москва". Бəйге алғаның білесінғой өзің, - деді.
-Сапеке оған мақтанбаңыз. Көңіліңізге келсін, келмесін, бірақ ашығын айтуым керек. Ол фильмді істеген Сіздің балаңыз емес, менмін. Бірақ та режисер-постановщик - Мəжит Бегалин деген титрында бар. Шынын айтқанда, ол өтірік. Оған қарсыласуға менің ешқандай моральный правом жоқ. Осыған балаңыз екеуіңіз дұрыс түсінуді тілеймін.
- Ей Бауыржан, не боп қалды саған! - деді Сапекең.
- Сапеке! "Ей" деген сөз əділетсіздікке жатады. Өзіңізді ақылсыз деп қоям мен. Қазақ тілін менен жақсы білесіз. Маған неге "ей" деп сөйлейсіз? Жасыңыз болса келіп қалды. Осы уақытқа дейін "ей" деген ауыр сөз екенін түсімбейді екенсіз ғой. "Ей" деген сөзіңізді балаңызға айтыңыз, маған айтпаңыз. Ондай ауыр сөзді мен көтере алмаймын, Жақсы болайын, жаман болайын - мен қазақтың Бауыржан Момышұлымын.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз