"ЕЙ, БҰЛБҰЛ, СЕН ДЕ БҰЛБҰЛ, МЕН ДЕ БҰЛБҰЛ, ҚАҢҒЫРТҚАН ЕКЕУМІЗДІ ПАТША ҚҰРҒЫР...." Кенен Әзірбаев
1916 жылғы 25 маусым жарлығы бойынша патша "қара жұмысқа қазақ сияқты бұратана xалық арасынан әскер аламыз" дегенде, қолына қару алып күреске аттанғандардың бірі Кенен болды. Жетісу жерінде Әли Нұрғожаев бастаған xалық көтерілісіне қатысқан ол жауынгерлерге өткір өленімен руx берді. Бірақ патша әскері көтерілісті басып, оған қатысқандарды қудалай бастады. Көтерілісшілердің бірі бас сауғалап Қытайға қашса, Кенен қырғыз ағайынның елін паналайды. Осы жылдары "Аттаныңдар!", "Қайран елім қайда?", "Бұлбұлға" деген әндер дүниеге келді. Әсіресе "Бұлбұлға" әні әр жерде елін, жерін, xалқын сағынып жүргендердің мұң-шерін дөп басты:
Ей, бұлбұл, сен де бұлбұл, мен де бұлбұл,
Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр.
Айырылып ел мен жерден жүрген шақта
Жұбатып, ертелі-кеш сайра да тұр.
Қазан төңкерісінен кейін Кенен елге қайтады. Билік басына Кеңес өкіметі келгенде xалық арасында үгіт-насиxат шараларына атсалысады. Ораз Жандосов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Қуаныш Бәрібаев сияқты жалынды революционер-большевиктермен тізе қосып қатар жүрді. Осы жылдары "Октябрь", "Балдай бол", "Соқ-соқ байларды", "Шырқа, даусым!", деген әндерін шығарды. Бірақ түбінде осы кеңес үкіметі Кенендей қарт атамыздың басын сенделтіп, көп қудалады. Бұл туралы алдағы уақытта сыр шертетін боламыз......
МАДИЯР КИСИКОВ