21 мамыр мәдениет қызметкерлерінің төл мерекесі.
Өркениет пен мәдениет
Мәдениет адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан-мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет-тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді, сонымен қатар, өркениет пен мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының өзегі екені даусыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов данамыз айтқандай өркениеттік мәдениет үш жолмен өрбиді: бірі жаулап алу арқылы, екіншісі отарлау арқылы, үшіншісі мәдени жұғыстық: яғни, жер бетіндегі халықтардың өзара бір-бірімен байланысы, дипломатиялық және сауда-саттық қарым-қатынасы арқылы деп XX ғасырдың басында айтып еді. Ал, қазақ елінің тарихында осы үш жолы да болғаны мәлім.
Өркениеттің бас белгісі-мемлекеттік. Қазақ мемлекеттінің бай тарихы бар. Қазақ халқы жауынгер халық, ол ұлт-азаттық қозғалысынын барысында , шетел шапқыншылармен арпалыс үстінде этно-территориялық бірлестікті қалыптастырған. Үш мың жылдық дала өркениетінің ұйтқысы болған халқымыз алтайдан дунайға дейінгі алып сахараны билеген де илеген, қорғаған да қырылған, қырылғанда тірілген деп бір кездері Тұрсын Жұртбай ағамыз сүбелі сөзін нақты айтқан еді.
Отан тарихының сүбелі бөлігі – мәдениет тарихы. Біз көпке дейін «мәдениет» деген ұғымды қара-байырлап түсініп келдік. Ал шын мәнінде мәдениет-өркениеттің символы. Алланың жаратқан дүниесінен яғни табиғаттан басқасы адам баласының қолынан туындаған нәрселер мәдениет жемісі. Жалпы мәдениет барша адамзат баласының бір-бірімен қарым-қатынасы жолындағы алтын көпірі екені айтпасақта түсінікті.
Біз өркениет пен мәдениетті адами көз қараспен қарастырғанда, бірнеше елеулі бөлікке бөліп қарайтынымыз белгілі. Ал сол адамның ой-санасы мен көз қарасынан туындаған маңызды бөліктері: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Міне әлемдегі яғни жер бетіндегі адамзатын күре тамыры өркениет пен мәдениеттін кең қанат жайуына әрі ілгері дамуына осындай манызды бөліктері септігін тигізіп мәдени құрал ретінде әсер етіп отырады. Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттері мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дін екенінде қаперімізден шығармағанымыз абзал.
Сонымен қатар, өркениетті мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениеттің өзегін құрастырады. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне назарымыз ауады. Белгілі неміс ғалымы, философ Иоганн Готфрид Гердер: «Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы» деген еді. Біздің қазақ халқы сан ғасырлар бойы озбыр отаршылдарың сұрқия саясатынан қанша қиыншылық пен қысым көрседе ата-бабалардан қалған мәдениет пен салт-дәстүрді бұзбай, жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Рас, қазақ ақыл-ойының тамырын отап, тектік ұйытқұысын ірітіп, ұлттық тағдырының ұясын бұзған цензураның яғни КСРО-ның тұсында қазақ ұлтының мәдениетке қол созуының өзі қылмыс саналған сұрапыл кезендерді де басынан өткергені баршаға мәлім. Қазіргі таңда құдайға шүкіршілік тәуелсіз ел болғанымызға жиырма бес жылдан асып барады. Осы жиырма бес жыл ішінде өзгесін айтпағанда ұмыт бола жаздаған мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, бір кездері содырға айнала жаздаған тарих босағасынан сығалап жүрген тарихи тұлғаларымызды тарих төріне шығарып, олардың халық үшін өздерін құрбан қылған ерлеріміздің ерліктерін жете танып, артымыздағы ұрпаққа насихаттап, өз құндылықтарымызды қайта қалпына келтірдік. Әлемдегі алпауытты,өркениетті халықтармен бейбіт қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып көптеген халықаралық ұйымдарға мүше бола отырып бірнеше халықаралық дәрежедегі айтулы жиындар мен әлемдік деңгейдегі саяси және мәдени іс-шараларды да өткіздік. Еліміз егемендік алғалы бері көптеген жетістіктерге де жеттік. Әрине ел мүдесі үшін жасалып жатқан игілікті істін бәрін бір мақалаға сыйдыра жазып жату мүмкін емес. Дегенмен қазіргі уақытта өзіміздің туған өңіріміздің яғни, облысымыздың мәдениеті дамып, отандық өркениетке зор үлес қосып келе жатқаны да дүйім жұртқа белгілі. Мәселен өзгесін айтпағанда былтырғы жылы еліміздің атын асқақтатып жаһанға танытатын айтулы іс-шараның бірі бүкіл әлем назар аударған Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтті. Біз осы көрме аясында өзіміздің мәдениетімізді, бай тарихымызды, салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды көрсете отырып еліміздің атақ-абыройын асқақтатып әлемге таныта алдық. Еліміздің өзге өңірлерін қоспағанда Жамбыл облысы әкімдігінің, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынның ұйымдастыруымен Астана қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндеріне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда Жамбыл облысың мәдениет саласындағы мекемелер мен қызметкерлер түгелдей атсалысты. Бұл өткен айтулы күннің ең ерекшелігі Жамбыл өңірінің мәдениетін әрі тарихын таныту, ұлттық нақыштарымызды насихаттау мақсатында «Көне Тараздан - асқақ Астанаға» этнографиялық керуен ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат «Тараз тарихымыздың темір қазығы» - деп, елбасымыз айтқандай, халқымыздың тамыры терең тарихынан басталатын руханиятын бүгінгі және болашақ ұрпаққа паш ету әрі «ЭКСПО – 2017» көрмесі кезінде Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтарға Ұлы Жібек Жолы бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің-рухани орталығы болған Ежелгі Тараздың тарихын таныстыру, сондай-ақ, атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келгендігін, Қытай, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырғандығын көрсету және Тараздың Орталық Азиядағы ең көне тарихи-мәдени қалаларының бірі екенін айшықтау болатын. Бұл іс-шараны Жаһандық кейбір телеарналарынан да көрсеткені өздерінізге мәлім. Осылайша, әлем құлаған түрген былтырғы көрмеде өңіріміздегі мәдениет қызметкерлерінің арқасында тағы бір айтулы оқиға тарих бетерінде хатталды. Әрине халық мүддесі үшін осындай игілікті жұмыстарға қолдау көрсетіп, іс-шараның бас қасында жүрген облыс басшылығының да еңбегі зор. Жылдан-жылға еліміздің мәдени даму жолында аз жұмыстар атқарылған жоқ. Қазіргі таңда да облыс басшылығының тарапынан өңірімізде халықтың рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру мақсатында бірқатар айтулы шаралар іске асырылуда. Сондай-ақ, мәдениетіміз бен тарихымыздың тереңнен тамыр тартатындығың таныту бағытында жұмыстарды қолға алып жатқаны өздерінізге белгілі. Осы кезде қазақ ұлтың оятам деп ұрандаған алаш арысы Міржақып Дулатұлының сөзі еске түседі: «Мәдениеті, тарихы мен тілі, әдебиеті жоқ елдер қатардан шыққан мемлекеттер» деген еді. Құдайға шүкір! Біздің мәдениетімізде, тарихымызда, тілімізде бай және жоғарыдағыдай елім, жерім деп халық мүддесі үшін жұмыла бірге жұмыс атқарсақ мемлекеттігіміз бен рухани қазыналарымыз мәңгі сақтала бермек. Бұл мақалаға қалам тартуыма түрткі болған, алда келе жатқан 21 мамыр яғни мәдениет қызметкерлерінің күні қарсаңына тұспа-тұс келіп отырғандықтан осы сәтті пайдалана отырып облысымыздың барлық мәдениет саласының қызметкерлерін айтулы мерексімен құтықтап, отбасыларына амандық-саулық, шаңырақтарына құт-береке, жұмыстарына шығармашылық табыстар тілеймін. Өңіріміздің мәдениетің отандық және әлемдік өркениетпен ұштастырып, жас ұрпақтын рухани тынысың кеңейту мақсатында өзіндік үлестерін қоса беруіне тілектеспін!.
Облыстық халық шығармашылығы
Орталығының қызметкері
Кисиков Мадияр Ералыұлы