Бүгін:
kz ru

АУДАН КҮНДЕРІНІҢ ГАЛА КОНЦЕРТІ АБЫРОЙМЕН ӨТТІ


         Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ-да «Туған жерім – дархан далам!» атты облыс аудандарының  Тараз қаласындағы  күндері шарасының Гала концерті өтті.

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан

Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен концертке облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындарындары қатысты. Рухани шарада көрермен қауым дәстүрлі әндер мен эстрадалық шығармалармен сусындап, аудан өнерпаздарының  шеберлігіне тәнті болды.

         Қазақстандық патриотизмді, ұлттық құндылықтарымызды дамытуға ықпал ететін іс шара бұған дейін әр аудан өнерпаздарының қатысуымен, киелі Таразға тарту ретінде өтіп келгені белгілі. Ал, бұл Гала концерттің ерекшелігі барлық ауданның сахна саңлақтары қатысқан шарадан сараптап-сұрыпталған жүзден жүйріктердің тек жанды дауыста ән шырқауымен ерекшеленді.  Салтанатқа толы шарада дәстүрлі әндер, эстрадалық және классикалық бірқатар белгілі, есті һәм ескі әндер де шырқалып, өнерпаздар халықтың қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, айтулы концерттің басты қонағы «МузАрт Life» тобының әншілері болды.

         Шара барысында облыс әкімі Бердібек Машбекұлы сөз сөйлеп, алдымен жамбылдықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Содан соң, екі ай бойы ел ішіне рухани-мәдени шара силаған аудан өнерпаздарына алғысын білдіріп, «Туған жерім – дархан далам!» облыс аудандарының  Тараз қаласындағы  күндерінде аса белсенділік танытқан аудандарға арнайы алғыс білдірді.


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз