«Наурыз –думан, Наурыз – той» атты мерекелік іс-шара орталық алаңда өткізілді.
«Наурыз –думан, Наурыз – той» атты мерекелік іс-шара орталық алаңда өткізілді. Жер аяғы кеңіп, көктемнің ұлық мерекесі –Наурыз да келіп жетті. «Ұлыс оң болсын ! Ақ мол болсын !» деген баталы сөздерден бастау алатын мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Тамырын тереңіне жайған осынау мереке тазалық пен татулықтың, береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, адамдарды шаттық пен қуанышқа кенелтеді. Ұлыстың Ұлы күнін бірлігі бекем қазақ халқы биыл да толағай табыс, тоқ көңілмен қарсы алды. Ел- жұрт ағарған ішіп, арқа –жарқа болды, жер –жерде ақшаңқан киіз үйлер тігілді. Ұлттық құндылықтар ұлықталып, дәстүріміз дәріптелді. Мейірім мен молшылықтың, жақсылық пен жасампаздықтың мерекесін ел халқы тұтас тойлады.