Сегодня:
kz ru

Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының экстремизм және терроризмге қарсы іс шаралар туралы

15 наурыз күні Мәдени демалыс орталығы жанынан құрылған «Мыңбұлақ» «Жуалы» халық театрларының әртістерінің ұйымдастыруымен Ербол Бекжановтың «Берекең кетсе...» атты екі көріністі, бір актілі драмасын қойды. Басты ролді сомдағандар : Ерболат Қаттабеков, Есжан Исмайлов, Ержан Сүлейменқұлов, Ербол Бекжанов, Мәлік Мықтыбеков, Талғат Батыров, Айбар Сәбит және Мадина Сбанбаевалар ойнады. Көрініс барысында яғни оқиғаның бастауында Ахмет (Ербол Бекжанов) ақсақал шығып Ислам дінінің сұлулығы, мінсіздігі туралы сөз етіп, оқиға желісі Ерболаттың үйінің ауласына ауысады. Өмірдің мәнін тек қана күлу ойнау деп түсінген Ержан, қоғамдағы өз орынын таппай адасып жүрді, Ерболаттың мырзалығы Алланы дұрыс танытты. Ал Ерболаттың інісі Есжан Алланы танығанымен қазақы болмысынан безіп, адасудың алдында жүр еді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дініміз, салт-сана дәстүр ұстанымымыз өзі туған халқына деген сүйіспеншілігін қайта оятты. Спектакль барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-анаға деген құрмет туралы талас тартыстар орын алады. Спектакль дін жолына түсем деп экстремистік жолға түсіп кетпеу үшін сан ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі діни танымымызды ұғыну мақсатында жастарға дұрыс тәрбие беру мақсатында өткізілді.

 

Комментарии 1

moiynkum 1 апреля 2017 11:05
Жаксы іс-шара өтіпті. Маған ұнады.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив