Сегодня:
kz ru

Қысқы жылыту маусымының басталуына байланысты өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары

Аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб қызметкерлерінің ұжымы және №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары Жанбай Құдайбергенов пен бөлімнің қарауыл бастығы Нұрәділ Қоңырбаевтың қатысуымен кездесу өтті. 2019 – 2020 жылдардағы қысқы жылыту маусымының басталуына орай, Жамбыл аудандық мәдениет үйінің және мәдениет үйіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб қызметкерлерін өрт қауіпсіздік шараларымен таныстыру. №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жанбай Құдайбергенов сөз сөйлеп Жамбыл аудандық мәдениет үйінің және мәдениет үйіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиналыста, еліміздің барлық аймақтарында жылыту маусымы басталды. Аудандағы барлық мәдени нысандардың жылыту қазандығы іске қосылды. Апат айтып келмейді. Әсіресе өрт тілсіз жау екені бәрімізге белгілі. Сондықтан адам көп шоғырланатын мекемелерде қауіпсіздік шараларына мұқият болғандарыңыз жөн. Мекемеде өрт болған жағдайда, уақыт оздырмай 101 телефон номеріне хабарласып, мекеме басшысына да хабар беру керек екендігін айтты.№6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұрәділ Қоңырбаев сөз сөйлеп мекемелердегі өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды қалай қолданатындығын көрсетіп, қатысушыларға жадынама парақшаларын таратты.Аудандық мәдениет үйінің директоры Тоғанбаева Индира Бекенқызы әріптестеріне сақтық шараларын түсіндірген №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне рахметін айтты.Жамбыл аудандық мәдениет үйінің және мәдениет үйіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб қызметкерлері өрт қауіпсіздік сақтық шараларымен танысып, №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, өтімді жауаптар алды.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив