Сегодня:
kz ru

«Қайырымды жүрек – жомарт қол» атты қайрымдылық акциясы.

Бүгін Жамбыл аудандық мәдениет үйінде "Қайырымды жүрек - жомарт қол" атты акция болып өтті. Бұл акция ауданымызда тұңғыш рет құрылып отырған «Аса аялы алақаны» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Аталған қор құрылтайшылары Саурыкова Гүлсім Үсенқызы, Сатова Роза Үзденбекқызы, Жолтаева Альфия Нуриддинқызы. Осы жандардың ұйымдастыруымен құрылып жатқан қордың ашылу салтанаты да бүгін өткізілмек. «Аса аялы алақаны» қоғамдық қайырымдылық қорының мақсаты Қазақстан халқының тарихи, мәдени мұраларын, салт – дәстүрін сақтап құрметтеу, қасиеттеу, жастарға халқымыздың мәдениетін қастерлеп, патриотизм, отансүйгіштік рухына тәрбиелеуге атсалысу, әлеуметтік, қайырымдылық, қоғамдық пайдалы қызметтер болып табылады. Сондай ақ қордың ашылудағы негізгі мақсаты денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж балалардың қажеттілігін өтеу. Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан игіліктердің жалғасын жасау. Жомарт жандардың назарын аударып, қайрырымдылыққа, жақсылыққа шақыру. Балалардың қатарға қосылып, аяқтарына тік тұрып кетуі үшін қажетті арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуге, түрлі ем-шараларына қажетті қаражат көздерін іздестіру. Жандары жақсылықты қалайтын, қолдары ашық, жомарт азаматтармен қатар қоғам болып жәрдем жасауды ұйымдастыру.
   Акцияға қолдау көрсетіп Жаңатас қаласынан Ахан есімді демеуші өзі жасаған вертикализатор мен станоктарын сыйға тартты.   Аталған акцияда аудандық оңалту орталықтарының білім алушы бүлдіршіндері мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшілікке әннен шашу шашты. Шара соңы бақилық болған бүлдіршіндерге арнап жайылған дастарханда жалғасын тапты.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив