Сегодня:
kz ru

Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Жамбыл ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудан орталығында орналасқан спорттық алаңға 10 ға жуық киіз үй тігіліп, шатырлар құрылды. Әр киіз үйге еліміздің бірлігін айқындайтын атаулар беріліп, ұлттық салт дәстүрден қойылымдар ұсынып өзара сынға түсті. Шара басын аудан әкімі Б. Қазанбасов ашып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Сондай ақ аудан әкімінің ұйытқы болуымен арнайы эстрада жұлдыздар Әділ мен Дана, Құрмаш Мақановтар да халыққа әсем әннен шашу шашты. Жиылған жұрт наурыз мерекесінде киіз үйлерге еніп наурыз көжеден, ыстық астан алды. Мереке соңында салт дәстүрден қойылым көрсеткен аудан әкімдігіне қарасты мекемелер арнайы марапатталды.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив