Сегодня:
kz ru

«Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб 2018»

2018 жылдың шілде-тамыз айларында Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы аясында өткізілген «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб 2018» байқауы өткізілген болатын. Аталған байқауға біздің де ауданға қарасты Айша бибі ауылдық мәдениет үйі мен Өрнек ауылдық клубы ұсынылған болатын. Салт-дәстүрімізді дәріптеп, халқымыздың рухани мәйегі саналатын құндылықтарымыз, ұлттық ойындар, спорт түрлері, қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, мәдениет ошақтарының көркемөнерпаздар ұжымы да өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың барынша әділ өтуі үшін күш салған қазылыр алқасы ең басты ұйыдастырылуы мен сапалы дүниелерге, өнерпаздардың сахнаға бейімі мен сценарийде көрсетілген концерттік бағдарламаның тақырыптық мәніне барынша көңіл бөлді. Бұл шара Елордасы Астана қаласының 20 жылдығы аясында арнайы ұйымдастырылып отырғанымен түпкі мақсаты ауылды жерлерде тасада танылмай жатқан талантты жастарды тауып, қолдау көрсету үшін жасалған игі шара. Біздің ауданннан ұсынылған Айша бибі ауылдық мәдениет үйі аталған байқаудан жүлделі 3 орынды иеленді. Аудан мәдениетінің дамуы ауыл өнерпаздарының өнер мен мәдениетке деген қызығушылығында жатыр.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив