Сегодня:
kz ru

ҚР Тәуелсіздік күні

14 желтоқсан Жамбыл ауданының Мәдениет үйінде және 16 желтоқсан Аса ауылының орталық алаңында ҚР төл мерекесі Тәуелсіздік күні болып өтті. Жиын басында аудан әкімі Б. А. Қазанбасов сөз алып аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, ауданның дамуына зор үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыстады. Аудандық мәдениет үйінде өткен іс шара соғы ҚР мәдениет қайраткері, Облыстық филормония әншісі А. Вцндердің отбасылық мерекелік ән шашуымен жалғасын тапты. Орталық алаңда өткізілген мерекемен қоса ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні қосыла аталып өтті. Аудан дамуына үлес қосқан ауыл шаруашылығының ардагерлеріне, қызметкерлеріне марапаттар табысталып шара соңы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив