Сегодня:

"Үздік клуб, мәдениет үйі 2018" облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 23 қазанында сағ: 10.00 де Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық мәдениет үйінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жерге туыңды тік" атты  "Ең үздік клуб, мәдениет үйі 2018" байқауы болып өтті. Облыстық халық шығармашылығы орталығының директорының орынбасары Жанат Қамшыбекқызы бастаған қазылар алқасы та төбе көрсетті шарада. Сыр-сұхбат түрінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға көкпаршы, ҚР 9 дүркін чемпионы, 5 дүркін қола жүлдегері, спорт шебері Нұрдәулет Момынов арнайы шақырылды. Шара басы бишілердің өнерімен басталып, түрлі тақырыптағы патриоттық әндер шырқалды. Сыр-сұхбатта көпшілік көкейіндегі сұрақтар қойылып, жастар ой пікірлерін білдіріп кеш қонағы Нұрдәулет мырзадан тұшымды жауаптар ала алды. Қазақ халқының ұлттық құндылығы, ұлттық спорты көкпарға деген қызығушылығы бар жастар ағаларының ақыл кеңесін алып, кеш әрі қарай ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Аталған іс-шараны Айша бибі ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Зиябеков Мурат жүргізді. Ауылдын түлеп ұшқан өнерпаздар да осы кештен табылды. Өз деңгейінде ұйымдастырылған шарадан соң жиылған жұрт разылықпен тарқасты.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив