Сегодня:
kz ru

Информационный поезд, посвященный 20-летию Астаны и Дню независимости

14 желтоқсан сағат 10.50 де Аса ауылдық станциясына облыстан жолға шыққан Астана қаласының 20 жылдығы мен Тәуелсіздік мерекесіне арналған ақпараттық насихаттық поезды келді. Ақпараттық насихат поездымен бірге зиялы қауым, түрлі сала мамандары, тегін медициналық жәрдем мен ауыл шаруашылығының төмендетілген бағадағы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шарада алғашқы болып сөз алған Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Найманова ақпараттық поездымен келген зиялы қауымға, сала мамандарына аудан жұртшылығы атынан алғыс білдіріп, келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтады. Кейіннен аудындық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Бақыт Уалиұлы Сырлыбаев та Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын тілге тиек етіп, елдің болашағына кейінгі ұрпықтың қосар үлесі зор екенін айтып өтті. Шара соңында Облыстық филормония әншілері әуезді ән мен халық термелерінен жиылған жұртқа кәде жасады. Ауыл тұрғындары арзандатылған бағадағы ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап, медицина мамандарына қарай бет бұрды. Келген қауым шараға разылық білдіріп, алдағы уақытта да көбірек өтуіне тілектестік білдірді.

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив