Сегодня:
kz ru

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Шу қаласының «Локомотив» стадионында  Шу қалалық мәдениет үйі және Шу қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі - 2017» шеңберінде «Ұлт денсаулығы - біздің басты болашағымыздың негізі» атты  ұранымен  акция өткізілді. Акцияға Шу қалалық мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері ат салыса қатысты.  Іс-шараны Шу қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері ашып, алғашқы құттықтау сөз Шу қаласы әкімінің орынбасары  Сүлейменов Миржан Шақманұлына беріліп, мерекелік жылы лебіздерін айтып өтті.

Шу қалалық емханасының салауатты өмір салты бөлмесінің дәрігері – Кульманова Айсұлу Үсенқызы да,  акцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сценарий бойынша спорттық іс-шаралардан жарыс ұйымдастырылды. Атап айтсақ, арқан тарту, гір  тасын көтеру, қол күрес, жүгіру, т,б,сол сияқты  жарыстарға қатысушылар  марапатталып, соңы Шу қалалық мәдениет үйі әншілерінің сазды бағдарламасына ұласты.

   

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив