«1 наурыз – Алғыс айту күні»
2017 жылдың 1 наурызы күні сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйінде «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудан, қала әкімі аппараты, бөлім басшылары, ауыл округтері әкімдері, мектеп ұстаздары қатысты. Сценарий бойынша алдымен аудан әкімі жиналған көпшілікті мерекесімен құттықтап, соңынан мәдениет үйінің өнерпаздары сазды бағдарлама ұсынды.

