Сегодня:
kz ru

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы


2017 жылдың 8 қараша күні сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын қолдау және насихаттау бойынша  желілік кесте бойынша «Жастар – Қазақстанның жарқын болашағы!» атты аудандық жастар форумы өткізілді. Форцмға ауданымыздың патриот жастары қатысып,  «Экотабиғат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аудандық ардагерлер алқасының мүшесі Жиенбеков Есмахан Жиенбекұлы,  №10 Шу колледжінің 2 курс студенті Бекназар Әсел Ғалымқызы және Әль-Фараби атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Алиева Каве сөз сөйлеп, жастарды отанымыздың патроиты болуға шақырды. Іс-шара барысында Шу қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерін шырқап, «Ай-Жұлдыз» бишілер тобы билерін тарту етті.



 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив