Сегодня:
kz ru

«Көлік және байланыс қызметкерлері күніне» орай іс-шара

2017 жылдың 4-ші тамыз күні Шу қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Көлік және байланыс қызметкерлері күніне»орай теміржолшыларға арналған мерекелік сазды бағдарлама өткізілді. Шу ауданының әкімі Қ.Ә.Досаев теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап,  теміржолшыларды марапаттады. Іс-шараның соңы Шу қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының ән шашуымен аяқталды.Жезтаңдай әншілер Н.Сансызбаев, Б,Әбеков, Н.Болаева, Б.Қосыбаева,Б.Үйсінбаев  Т.Алтыбаев сынды әншілер әндерін тарту етсе, қазақтың қара домбырасымен Балуан Шолақтың "Ғалия" әнін орындаған мәдениет үйінің әншісі Е.Қасымбековке жиналған теміржолшылар, қонақтар ризашылығын білдірді. Сонымен қатар мәдениет үйінің "Ай-Жұлдыз" бишілер тобы да  билерін тарту етті.







 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив