Сегодня:
kz ru

«Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры» атты мерекелік іс-шара

2017 жылдың  1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған  «Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры»  атты мерекелік іс-шара  Шу қаласының «Теміржолщылар» саябағында  өткізілді. Іс-шараға Шу қаласының тұрғындары, қонақтары, бүлдіршіндер  қатысты. Сценарий бойынша балалар күніне орай өткізілген «Айгөлек» өнер байқауының жеңімпаздарының сазды бағдарламасы беріліп, соңынан 7 қатысушы жүлделі  орындармен және 9 қатысушы белсене қатысқаны үшін  сыйлықтармен  марапатталды.

 Саябақтың  бір шетінде  білім бөлімінің «Балалар шығармашылық орталығының» ұйымдастырумен асфальтқа сурет салу байқауы, плакатқа сурет салу байқаулары өткізіліп, іс-шараның соңында жеңімпаздарды марапаттады. Саябақтың ішінде сауда-саттық ұйымдастырылды. Шу қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары сазды бағдарламасын ұсынды.









 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив