Сегодня:

«Біз - болашақ» атты шығармашылық кеші

2017 жылдың 17 мамырында сағат 16.00-де аудандық мәдениет үйінде  Шу қалалық мәдениет үйі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан журналистер Одағының  мүшесі, Шу қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын-сазгер Бақыт Ақышқызының «Біз - болашақ» атты шығармашылық кеші өткізілді. Кешке білім бөлімі мекемелері, мәдениет қызметкерлері және кітапханашылар ұжымы қатысты.

Алғашқы сөзді Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев сөйлеп, ақынды шығармашылық кешімен құттықтады. Іс-шара барысында М.Мақатаев мектебінің оқушылары автордың әндерін хормен айтса, мәдениет үйінің әншілері де бірнеше әндерін орындады. М.Х.Дулати мектебінің «Көркем-ай» бишілер тобын дайындаған хореограф Ж.Құлбековада өз үлестерін қосты.  Кеш соңында Б.Исаева келген қонақтарға, көрермендерге ризалығын айтып, өзінің өлеңдерін оқыды.    





 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив