Аудандық «Құлан аруы 2017» Көктем гүлі атты қыз сыны байқауы
Бүгін М. Өзбеков атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету және Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру Қазақ халқы қыздарының инабаттылығын көрсету Халқымыздың ұлттық салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау жастардың біліктілігі мен шеберлігін арттыру мақсатында аудандық «Құлан аруы 2017» Көктем гүлі атты қыз сыны байқауы өтті. Байқауға 13 ару Байқау 4 кезең бойынша атап айтсақ Өзін – өзі таныстыру Халқымыздың салт –дәстүрін қысқаша театрландырылған көрініс « Өнерім – өмірім» Өз өнерлерін көрсету және сұрақ – жауап кезеңдері бойынша сынға түсті. Оқ бойы озып шыққан өз өнерлерімен тәнті еткен Құлан ауылының аруы Құлмышева Нұрсипат «Құлан аруы – 2017» игері атанды. 1 орын Тереңөзек ауылының аруы Мұхтар Таңшолпан, 2 орынды Қарақыстақ ауылының аруы Райсова Мадина, 3 орынды Ақбұлақ ауылының аруы Жандосқызы Айдана қанжығасына байлады. Сонымен қатар Көкдөнен ауылының аруы Көпбаева Ұлнұр «Сымбатты ару», Луговой ауылының аруы Төленбай Әсем «Зерек ару», Қайынды ауылының аруы Исақажы Әсия «Білімді, өнерлі ару», Сөгеті ауылының аруы Босқұлова Айша «көрермендер көзайымы», Низаддинова Мөлдір «Инбатты ару» номминацияларымен және бағалы сыйлықтармен марапатталынды .



Комментарии 1