Сегодня:
kz ru

Халықтық атағы бар «Береке» әжелер тобының шығармашылық кеші

 Үстіміздегі жылдың 21 сәуір күні сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде Халықтық атағы бар «Береке» әжелер тобының шығармашылық кеші өтті. Кештің алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімінің аппарат басшысы Акек Ербол Базарбайұлына берілді. Ербол Базарбайұлы «Береке» әжелер тобын құттықтап шығармашылық табыс тіледі. «Береке» әжелер тобы сахна шымылдығын халық әні «Күміс құмған-ай» әнімен бастады. Топ мүшелері өзге ұлттың әндерін нақышына келтіріп шырқағанда көрермендер қол соғып қошеметтеп отырды. Кеш қонағы болып «Естелік» ардагерлер хоры ән шырқады. Кешке шақырылған арнайы қонақтар, «Береке» әжелер тобының мүшесі болған  Қалқабаева Сейсекул, «Меркі» тынысы газетінің бас редакторы  Исаева Әтіркүл Тәжібекқызы әжелерімізді құттықтап, арнайы сый – сияпаттарын табыс етті.

 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив