«Келіні жақсы үйдің-керегесі алтын» аудандық байқау
Байқауға Тәтті ауылынан 2 үміткер Алдабергенова Гүлшат пен Құлмаханбетова Ботагөз, Аспара ауылынан Жандилдаева Динара, Ақермен ауылынан Нарымбетова Жанна, Кеңес ауылынан Рзабекова Айгерім қатысты. Келіндер, байқаудың шарттарын бұлжытпай орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әділқазылардың шешімі бойынша 3 орын Аспара ауылының келіні 2 баланың анасы Жандилдаева Динараға, 2 орын Тәтті ауылының келіні Құлмаханбетова Ботагөзбен Ақермен ауылының келіні Нарымбетова Жаннаға берілді. 1 орынды Кеңес ауылынан келген 2 баланың анасы Рзабекова Айгерім иеленді. Ал, бас жүлде Тәтті ауылының инабатты келіні 2 баланың анасы Алдабергенова Гүлшатқа арнайы бағалы сыйлықпен берілді.