1 наурыз - Алғыс айту күні
Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шараның арнайы қонақтары Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жамбыл облысы филармониясының әншісі Анна Вундер мен сазгер, күйші Қаржау Тілеуқабылов өз өнерлерімен меркіліктерді тәнті етті. Іс-шара барысында ауданымыздан шыққан беделді қоғам қайраткері Мұсабек Әлімбеков, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Намазалы Омашев, ҚР мәдениет қайраткері Бағлан Бәбіжанның Меркі еліне бейне таспа арқылы жолдаған шексіз алғыстары және «Бахор» шаруа қожалығының жетекшісі, кәсіпкер Хасанбаев Бақтияр мен Мемлекеттің қамқорымен, квотамен сырқатынан емделіп шыққан ауданымыздың азаматшасы Жанықұлова Бүбіханның алғыс айту сәттері аудандық Мәдениет үйінің ЛЭД экранынан көрсетілді. Поэзия әлемінде өзінің қолтаңбасымен танылып жүрген жерлесіміз ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Мамасерікова Шырын Бөкейқызы өлең шумақтарымен көрермен көңілін көтеріп, қошеметке ие болды. Іс-шара соңына қарай Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қасым Марат Жарылқасынұлы барлық Меркі елін, 1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтап, әр отбасына амандық бақ-береке тіледі.