Сегодня:
kz ru

8 наурыз

 

7 наурыз күні, сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйіне кіре берістен бастап,1-ші қабаттағы фойе 8наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналып безендіріліп тұрды,жазуы да әр түрлі гүлдердің шоқтарынан тұратын ірілі-уақты билбордтар мен плакаттар көздің жауын алып,оған қоса тақырыптық әндер орындалып тұрды.Мерекені қарсы алуға келген әрбір әйел баласының иықтарына ақ жаулық жауып жатты.

  Сахна да мерекелік көңіл-күйде безендіріліп ЛЕД экранда әр түрлі құттықтаулар жазылып,ауыстырылып тұрды.

      Аудан әкімі М.А.Өмірбеков 8наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап,ықылас гүлін сыйлады.

   ЛЕД экран арқылы меркілік қыз-келіншектер мен аналарды республикамызға танымал мәдениеттанушы,ғалым,дипломат және қоғам қайраткері М.М.Әуезов, ҚР халық әртісі,Жамбыл олысының Құрметті азаматы Алтынбек Қоразбаев өзінің ыстық ықыластарын білдіріп,аудан аналар қауымы мен қыз-келіншектерін мерекелерімен құттықтады.

      Бұдан кейін ҚР мәдениет қайраткері,Меркі ауданының құрметті азаматы,ақын,жыршы-термеші Б.Шошабаев мерекелік арнауын орындап берді.

       ҚР мәдениет қайраткері,ҚР еңбегі сіңген әртісі,Меркі ауданының Құрметті азаматы Б.Сәмединова сахнаға шығып,өзінің жүрекжарды тілегін айтып,соңынан жерлестеріне өз репертуарларынан бірнеше әндер шырқады.

       «Меркі» халық театры сахналандырылған қойылым қойып,ана бейнесін көркем тілмен өте ұғынықты етіп сомдап, көрерменнің ықыласына бөленді.

 Қысқа мазмұны: Заманауи саябаққа жастар 8наурыз мерекесі күні келіп,ондағы Ана ескерткішінің алдында өзара аналарын құттықтайтындарын айтып,аналар туралы өлеңдерін оқып барып,сахнадан шыға бере,ана ескерткішіне жан бітіп,раушан гүлдерінен қыздар шығып сиқырлы билер билеп,әйел балаларының сиқырлы ішкі жан дүниелеріне әсер бергені анық.

    Бүгінгі мерекелік концерт аудандық мәдениет үйі мен оның әртістері үшін де айтулы күн болды,өйткені көп уақыттан бері бірінші рет ұжым вокалды-инструменталды аспаптармен әндер орындады.  

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив