"Сапқа тұрды сарбаздар" ҚР қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің 25 жылдығына орай, Қордай аудандық мәдениет үйінде «Сапқа тұрды сарбаздар» атты мерекелік іс-шара өтті.Іс-шарада аудан әкімі Байтөле Болатбек Байқонысұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Нұрсипатов Руслан Маратұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ел қорғаны болған әскери қызметкерлерді марапаттады. Марапаттау рәсімінен кейін аудан өнерпаздары мерекелік ән-шашуларын ұсынып, сағат 11.00-де тікелей эфир арқылы Астана қаласында өткен әскери шеруді LED экраннан тамашалады.