Сегодня:
kz ru

Жыршы-термеші Аяз Бетбаевтың 75 жылдығына арналған «Өнермен өзектес өмір» атты шығармашылық кеші

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 29 наурыз күні Тараз қаласы  «Грейд Ширин» мейрамханасында жыршы-термеші Аяз Бетбаевтың 75 жылдығына арналған «Өнермен өзектес өмір» атты шығармашылық кеші өтті.

 Кеште . облыс  әкімі орынбасары Е.Н.Манжуов құттықтау сөз сөйлеп, сый-сияпаттар табыстап, Аяз Бетбаевтың «Өнері-өмірі» атты кітабінің тұсауын кесті. Кітаптың редакторы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Болат Жаппарұлы

Іс- шара  барысында жиналған қауым Аяз ағамыздын шәкірттері Базарбай Асқартегі, Ертай Тазабеков, Бейбіт Шошабаев, Алтынкүл Қасымбековалардың және  театралдық көрініс (жас баланың А.Бетбаевтан бата алуы ) өнерлерін тамашалады.

 Кеш иесіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Жабағиевтың жолдаған құттықтау хаты оқылды.

Кеш қонақтары қатарында Ресейде қазақ өнерін насихаттаушы, ҚР мәдениет қайраткері Аблайхан Оспанов, аудан әкімдері  мен басқарма басшылары, ақындар - Ш.Мамасерикова, Ү.Битенова, Е.Қамбатыров, К.Сарсенбаева, Б.Жаппаров, зиялы қауым өкілдері Солтыбаев, П.Оспанов болды.

Сонымен қатар, концерттік бағдарламада өнер көрсеткендер дәстүрлі әнші ҚР мәдениет қайраткері Д.Өміралиев, Қ.Жамбаева, Ә.Сайлыбаев, Г.Алимкулова, Ғ.Тезекбаев, облыстық филармония әншілері- Н.Абдрашова, Е.Ибаділдаев, «Ақ-кербез» би тобы мен ақын-айтыскерлер Н.Құрманов пен Есет Досалының өнерлерін паш етті.






 
 
 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив