РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Жуалы ауданында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, достық үйінде аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік шара болып өтті.
Аудан өнерпаздарының ән шашуымен басталған салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Ербол Жаңабаев тұрғындарды «Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесімен құттықтап, өз сөзінде: «Көк аспан түсті Туымыз, айбынды Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз- баға жетпес құндылықтарымыз. Ал осы құндылықтарға деген қарапайым халықтың құрметін қалыптастыру, жас ұрпақтың санасына отаншылдық сезімді сіңіру, патриоттық аңсарды тәрбиелеу:- басты мақсатымыз болуы керек»,- деп атап өтті.
Іс шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты




