Бүгін:
kz ru

Ұлы Жеңіс күні

2019 жылдың 9 мамырында Жеңіс күнінің құрметіне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сағат 9-дан бастап Орталықтағы ескерткіш монументке қаза тапқан жауынгерлердің басына салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Одан әрі аудандық орталық алаңда Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Біз жеңістің ұрпағымыз!» атты мәдени іс шара өтті.
«Жеңіс күні» атты театрландырылған көрініс қойылды.
Мерекелік концертте ауданның шығармашылық ұжымдары патриоттық рухтағы репертуарларымен халықтың ыстық ықыласына бөленді. Атап айтқанда Ұлы Жеңіс, береке-бірлік, достық пен сүйіспеншілік, Отан жайындағы әндер мерекенің салмағын арттыра түсті.

Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған,елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!











 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз