Жуалы аудандық мәдениет үйінде "Инабатты ару 2019" атты аудандық байқауы өтті.
Жуалы аудандық мәдениет үйінде 2019 жылдың 4 наурыз күні "Жастар ресурстық орталығы" мекемесі және аудандық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен "Инабатты ару 2019" атты аудандық байқауы өтті. Байқауда I орын иеленген Жаңаталап ауылдық округінен Қахар Арайлым бас жүлдені иеленсе, I орынды №16 С.Сейфуллин мектебінен Қарин Меруерт иеленді, II орындарды А.Мұстафаева, А.Нұрланқызы, М.Серікбай иеленсе, III орындарды Қуантай Әсел, Шырымхан Әмина, Бекболат Жадыра иеленді. Қатысушы қыздарымыз "Бұрымды ару", "Өнерлі ару", "Көрермен көзайымы" "Парасатты ару номинацияларын иеленіп, қатысушы аруларымызға дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталды.
















