Бүгін:

Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл - 30 жыл.

Жуалы ауданында Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аудан әкімі сөз сөйлеп, Ауған жерінде қаза тапқан жерлестерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Ақындар рухты өлеңдерін оқыды.

 Одан әрі  аудандық мәдениет үйінде "Ерлік ұлы қасиет" атты салтанатты іс-шара өтті. Іс - шараның басы Лед экраннан Ауған соғысын баяндайтын көрініспен басталды."Қызғалдақ" ансамбльінің әншілері "Ағаларым" әнін орындап , ән барысында екі қолына шам ұстаған 40 оқушы композиция жасады.

Одан әрі алғашқы сөз аудан әкімі Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлына берілді. Аудан әкімі қазақ еліне қызмет жасаған, ауған соғысы ардагері 71 жасында дүниеден өткен отставкадағы Полковник Керімбаев Борис Тукеновичті 1 минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды.
Бахтияр Бейсембайұлы Ауған соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап, естелік төсбелгілерін, облыс әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады. Сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері Жуалы аудандық мәслихат хатшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Іс шара барысында аудан өнерпаздарының орындауында мағыналы өлеңдерді, жүрек тебірентер әндерді тыңдады
Аталған іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері және соғыста қаза болған жауынгерлердің туыстары, ауыл әкімдері мен бірқатар бөлім,мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты

Ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу біздің борышымыз болып табылады.













 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз