Бүгін:
kz ru

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Жуалы аудандық мәдениет үйінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама ҚР мемлекеттік туын әкелумен ашылды, содан кейін мемлекеттік гимн орындалды. Жуалы ауданының әкімі Бақтияр Көпбосынов жиналған қауымды құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді. Елінің жүрегінен орын алған азаматтарға Құрметті азаматы атағы тапсырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының Алғыс хаты және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар азаматтарға әкімнің құрмет грамоталары берілді.
Қазақсатан жазушылар Одағы мен ҚазақМыс компаниясы Қарсақпай мыс қорыту зауытының 80 жылдығы мен Республика күні мерекесіне орай өткізілген байқаудың Проза саласы бойынша бас жеңімпазы, Республикалық халық кеңесі, Заң газеті, Егемен Қазақстан газеттерінің Облыстағы меншікті тілшісі, Облыстық Ақ жол газетінің Бас редакторы қызметін атқарған, Жуалы және Талас аудандарының құрметті азаматы Жуалының төл перзенті Мақұлбек Рысдаулет ағамыздың "ЖУАЛЫ" кітабының тұсауы кесілді.
Аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашып, мың бұралған бишілері би биледі. Мереке соңы осылай мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 
ТƏУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АЛАШ ЖҰРТЫ....











 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз