"БАҚҰЛ БОЛ,САУЫТ БҰЗАР ҰЛТ ЖЕБЕСІ!"
Жуалы ауданында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның өмірден өткеніне 40 күн толуына орай "БАҚҰЛ БОЛ,САУЫТ БҰЗАР ҰЛТ ЖЕБЕСІ!" атты еске алу жиыны өтті.
Рухы елімен мәңгі жасайтын асыл Шерағаны еске алу жиынын аудан әкімі Бақтияр Бейсембайұлы ашты.
Ары қарай «Қош бол Шераға» деректі фильмі көрсетіліп, Келесі сөзді Тараз қаласындағы Тараз иновациялық-гуманитарлық университетінде орналасқан «Шерхан Мұртаза орталығының» директоры Шерағаңа арнаған жырын ортаға салып қайғыға қабырғасы қайысқанын жеткізіп, туған туыстарына көңіл айтты.
Келесі сөз Мұртазаева Аризат, Шерхан Мұратазаның немере қарындасына ұсынылды, бұл кісіде Шерағаның естеліктерін игі жақсы тірліктерін айтып, Шерхан Мұртазаның өмірден өткеніне 40 күн толуына орай өтіп отқан осы шара үшін ұйымдастырушыларға, қайғысын бөлісіп жатқан аудан халқына алғасын жеткізді.
Жиынды Шерағаның туысы К.Бегалиев жалғастырды.Шерхан Мұртазаның әрқашан қамқоршы жан болғанын және өзінің шаруашылығына ақылмен қосқан көмегтері туралы атты.
Байдалиев Даулетжан аға, Шерағаға арнаған арнауын оқып естеліктерімен бөлісті.
Шара соңын мәдениет үйінің өнерпаздары арнау өлеңдерімен еске алу әндерімен қорытты.