Бүгін:
kz ru

Даңқты батырларымен, қаламы қарымды жазушыларымен аты әйгіленген Жуалы ауданына 90 жыл

Даңқты батырларымен, қаламы қарымды жазушыларымен аты әйгіленген Жуалы ауданына 90 жыл. Аталмыш мерейтой жоғары деңгейде өтті. Ауданның кіре берісіндегі күре жол маңында «Мәңгілік ел» саябағын тамашалаумен басталды . Өлкенің есімін күллі қазақ даласына әйгілеген даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылып, баба рухына тағзым етілді. Аудан жұртшылығы көптен күткен Өлкетану музейі ашылды.
Одан әрі Жуалы ауданының 90 жылдығына арналған «Мерей тойың құтты болсын, Жуалым!»атты мерекелік іс-шарамен жалғасты Сонымен қатар, ауданға еңбегі сіңген азаматтар «Жуалы ауданының 90 жылдығы» төсбелгісіміен марапатталды. Аудан өнерпаздары мен қатар Жуалы өңірінен шыққан елге танымал әншәлер мен өнерпаздар қалың жұртшылыққа мерекелік концерт ұсынып, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ сынды ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды.













 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз